Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтау, Жаңаөзен, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Талдықорған, Тараз, және Шымкент қалаларында қалыптасуы мүмкін.
ҚМЖ — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.