Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

15 мамырға арналған ауа райының болжамы

Фото Интернеттен алынды

Бүгін еліміздің кей жерлерінде желдің күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Сондай-ақ, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел тұрады, жылдамдығы-15-20 м/с.

Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Мақалаға реакция