Ауа райының қолайсыздығынан Алматыда жол жабылды

«Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты Ақсай шатқалын  тексеру барысында Қызылжар өзеніне (Ақсай өзенінің саласы) үздіксіз жауған жаңбырдың салдарынан 800 текше метр лай көшкіннің жүргені анықталды. Лай көшкіні пионер лагеріне апаратын жергілікті маңызы бар автомобиль жолын жауып қалып, асфальттың үстімен ағып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында «Қазселденқорғау» мекемесінің жеке құрамы мен техникасы көшкін салдарын жою жұмыстарын жүргізуде», — делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, Талғар ауданында үздік жауын салдарынан «Түйе» тауы бөктерінен 60 текше метр лай көшкіні төмен сырғыған.

«Соның салдарынан «Талғар-Спутник жазғы лагері» жергілікті маңызы бар автомобиль жолы жартылай жабылып қалды. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылған. Жергілікті атқарушы органдарға көшкін салдарын жою және автомобиль жолын уақытша жабу туралы тапсырма берілді. Көшкін салдары жаңбыр тыйылғаннан кейін жойылатын болады», — деп  атап өтті комитеттен.

Дереккөзkazinform.kz