«Сайран» автобекеті тарихи ескерткіштердің тізіміне енеді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс сапары барысында халықаралық «Сайран» автовокзалы мен «Саяхат» автобекетін аралады.

Әкім «Сайран» автовокзалының көптен бері халықаралық деңгейге сай еместігін, сондықтан қайта жөндеп, менеджмент моделін қарастыру қажеттігін атап өтті.

Бауыржан Байбек күн сайынғы жолаушы легі 1200 адамды құрайтын автовокзал айналасын ретке келтіруді және оның ғимаратын жөндеуді тапсырды.

Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес нысанды жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу мәселесі қарастырылады.

«Өткен жылы басталған қаланы қайта жаңғырту аясында біз Алматыға бұрынғы тарихи келбетін қайтарудамыз. Ең алдымен, нысандарды алғашқы бейнелерін сақтау қажет. Сарапшыларды тарта отырып, жолаушылар легінің логистикасын толық қайта қараған жөн. Яғни біз тарихи нысанды қалпына келтіріп, вокзалдың барша қызметін жаңаша жүргізіп, оны қаланың көлік хабына айналдырамыз», — деді Бауыржан Байбек.

Қазіргі кезде автовокзал айналасында заңсыз салынған құрылыстар алынуда. Автовокзал айналасында бұрындары саудамен айналысқан кәсікерлерге ауданның сауда орындары мен базарларынанн жеңілдетілген орындар ұсынылады.

ДереккөзTengrinews.kz