Бауыржан Байбек Көкжиекте өртенген үйді жылдам қалыпқа келтіруді тапсырды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тиісті органдарға зардап шеккендердің дүние-мүліктерінің қолды болмауын қадағалауды тапсырды.

«Жетісу әкімдігі мен қала құтқару қызметінің күшімен №177 мектепте штаб құрылып, жатын орындар мен тамақ әзірленді», — делінген хабарламада.

Дәл қазір үйде электронэнергия, газ және коммуникация өшірілді. Полиция үйді қоршауға алды.

«Ертеңнен бастап ірі өрттің неден шыққанын анықтау үшін комиссиялық тергеу жүргізіледі. Өрт-техникалық сараптамадан кейін ғана үйді қалпына келтіру жұмыстары басталады», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетсек, 5 сәуір күні алты қабатты үйде ірі өрт болды. 300 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, жабық бөлмедегі екі адам құтқарылды. Өрттің аумағы 1 180 шаршы метрді құрады.