Адамның жеке деректерін ұрлайтын екінші WhatsApp пайда болды

Ол әлеуметтік желілерде WhatsApp Plus деген атаумен тарап жатыр. Оны телефонға жүктегенде белгілі бір сілтемеге басуды талап етеді, ал гаджетке толық орнатылған соң мессенджердің клиенті бола отырып, тағы бір қосымшаны орнатуға кеңес береді.

Мамандардың айтуынша, бұл зиян келтіретін қосымша. Ол қолданушылардың жеке деректерін алып, үшінші біреуге жеткізеді. Сондықтан Android құрылғыңызда WhatsApp-тың «сыңарын» көре қалсаңыз, оны бірден өшіріп тастаңыз.

Дереккөзbaq.kz