Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске жетті

Отандастарымыз екінші ойында аталған доданың I дивизионындағы В тобының төртінші турында Қытай командасымен кездесті. Аса тартысты өткен жарыс жерлестеріміздің ірі жеңісімен аяқталды. Есеп — 3:0. Қазақстан сапында Рыспек дубль жасаса, тағы бір шайбаны Тухтиева соқты.

Хоккейден әлем чемпионаты, Азиаго, Италия. I дивизион, «В» тобы. Қытай — Қазақстан 0:3 (0:0, 0:0, 0:3)

  1. 0:1 — Рыспек (Тухтиева) — 52:14
  2. 0:2 — Тухтиева (Фукс, Олжабаева) — 56:29
  3. 0:3 — Рыспек — 59:27

Қақпашылар: Ван — Дмитриева.

Естеріңізге сала кетейік, кеше отандастарымыз әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «В» тобының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездесіп, жеңіске жеткенін айтқан болатынбыз.

Дереккөзkazinform.kz