7 cәуір: жел күшейіп, жаңбыр жауады

Сондай-ақ, бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-23 м/с-ге күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 15-25 м/с-ге жетеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.