Басты бетАқмола облысында...

Ақмола облысында татуластыру орталығы ашылады

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Əміровтың айтуынша, облыс соттарымен 2016 жылы медиация тәртібімен даудың 3,3 пайызы, ал 2017 жылы — 7,4 пайызы, 2018 жылдың екі айында 12,1 пайызы қаралды.

«Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаудың тараптарға тиімділігі мынада: олардың талап-арыз беру кезінде мемлекеттік бюджетке төлеген мемлекеттік баж сомалары қайтарылады. Мысалы, 2016 жылы — 19 002 996 теңге, 2017 жылы — 94 102 392 тенге, ал 2018 жылдың екі айында — 5 797 493 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды» — деді төраға.

Сонымен қатар, Досжан Әміров медиация институтын одан әрі дамыту мақсатында еңбек даулары мен жанжалдарды шешу мәселелерінде, медиаторларды оқыту және татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен оны насихаттауда соттар мен кәсіподақ ұйымдарының бірлескен жұмыс атқарулары қажеттілігін атап өтті.

ДереккөзEgemen.kz