Басты бетЖаңалықтарАлдағы күндері...

Алдағы күндері еліміздің бірнеше облысында күн жылынады

«Қазақстанның территориясына келген суық антициклон республикамыздың басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне себепші болды. Бірақ алдағы тәулікте атмосфералық процестердің өзгеруіне байланысты Қазақстанның аумағына Ираннан жылы ауа массалары келіп енеді», — дейді «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі Айгүл Алдабергенова.

Мамандардың болжауынша, әсіресе Шығыс аймақта сынап бағанасы айтарлықтай көтеріледі. Мұндай жағдай Қазақстанның батыс өңірінде де байқалады. Бірақ атмосфералық фронттардың ағымына байланысты жауын-шашын көп болады деп болжанып отыр. Тіпті дымқыл қар жаууы да мүмкін.

Астанада жақын күндері жаңбыр жаумайды. Сынап бағанасы түнде минус 3-5 градусты көрсетсе, күндіз 8-10 градус, нөлден жоғары болады.

Дереккөз24.kz