Басты бет2018 жылы...

2018 жылы Астанаға табиғи газ келеді

Астанаға газ құбыры Қызылордадан бастап Жезқазған, Қарағанды және Теміртау арқылы тартылмақ. Сондай-ақ бұл отын түрін батыс өңірден «Бейнеу-Бозой-Шымкент» арқылы да жеткізу көзделіп отыр. Оның солтүстік аймаққа таралуын «Қараөзек» компрессорлық станциясы мойнына алады.

«Жобалық және сметалық құжаттамада бітіріліп жатыр, 85 пайызға және одан да жоғары. Газ құбырдың өтетін өңірлеріндегі жер бөлу мәселелері іске асып, орындалып жатыр. Соның ішіндегі Қызылорда облысында түгелдей бітіп жатыр. Қарағанды, Көкшетау облыстарында белсенді түрде жүріп жатыр. Газға қол жететін халықтың саны 2,7 млн құрайды»,-дейді ҚР Энергетика министрлігі департаментінің директоры Зияш Қияқбаев.

Мамандардың пайымдауынша, газ тартылған соң, бас шаһардың ауасы тазарып, атмосфераға залалды заттардың шығарылуы жылына 36 мың тоннаға дейін кемиді. Сондай-ақ газ құбырын жүргізерде 800-ге жуық жаңа жұмыс орны пайда болады.

Дереккөз24.kz