Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда Telegram...

Қазақстанда Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін

Астана қаласы Есіл аудандық соты наурыз айында ҚДТ тіркелмеген қоғамдық қозғалысын экстремистік деп танып, оның мемлекет аумағында жұмысын жалғастыруына тыйым салды. Аталған ұйымға бұрынғы банкир және шенеунік Мұхтар Әблязов төрағалық етеді.

Министр Telegram месенджерінің мекенжайына ресми хабарлама жіберілгенін айтты. Аталған хабарламада жіберуші тарап Қазақстан территориясында ҚДТ материалдарын көрсетуге тыйым салу және оларды жоюға қатысты шаралар қолдануды сұраған.

«Бүгінгі таңда жіберген ескерту қағазымызды Telegram әкімшілігі қарастырып жатыр. Сондай-ақ, сот шешімі орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес министрлік мессенджерді ел территориясында толықтай бұғаттауға мәжбүр болады», — деді Абаев.

Дереккөзbaq.kz