Пайдалы Telegram-боттар

Telegram-да барсыз ба? Әлі тіркелмесеңіз, тезірек тіркелуге кеңес береміз. Бұл мессенджердің басты мақсаты — қауіпсіздік. Ал ерекшелігі — пайдалы каналдар мен боттар. Каналдар туралы естігеніңізге сенімдіміз, бірақ боттар жайлы көп айтыла бермейді.

Бот дегеніміз не?

Бот — робот немесе бір IT маманының қиялынан туған алгоритм жүйесі. Енді сіз тірі адаммен емес, роботпен сөйлесесіз, керегіңізге жауап табасыз. Тіпті бір боттың арқасында телефоныңызда орын алып тұрған бірнеше мобильді қосымшадан құтыласыз.


Бірінші ұсынатын бот Instant View технологиясына арналған. Instant View — мақала, жаңалық, блог немесе кез келген тексті оңай оқуға арналған технология. Ерекшелігі сайттағы артық нәрселердің бәрін алып тастап (жарнаманы да), тек тексті оқуға ыңғайлы етеді. Бұл бот сіздің кез келген мақалаңызды Instant View-ге айналдырып береді. Тек мақаланың сілтемесін жіберсеңіз болғаны. Сонымен қатар оқығыңыз келетін мақалалардың сілтемесін интернет бар кезде жіберіп қойып, интернетсіз немесе метрода болған сәттерде ашып оқуға мүмкіндік бар.

Сілтеме: https://telegram.me/chotamreaderbot


Music Downloader — музыка жүктеуге арналған бот. Қалаған музыкаңыздың сілтемесін көрсету арқылы, қалаған аудионы жүктей аласыз. Бұл telegram-bot тек Youtube және Soundcloud сервистерімен жұмыс жасайды.

Сілтеме: https://telegram.me/music_downloader_bot


Инстаграмда видео мен фотоны тікелей жүктеу мүмкін емес. Бірақ InstaSave арқылы өзіңізге ұнаған кез келген фото мен видеоны телефоныңызға жүктей аласыз. Бар-жоғы ұнаған фотоның сілтемесін InstaSave ботына жібересіз, сізге 3 секундтың ішінде фотоны өңдеп береді. Сіз оны қиындықсыз жүктей аласыз.

Сілтеме: https://telegram.me/instasave_bot


Келесі telegram-bot кітапқұмарларға арналған. Flibusta Book ботына жай ғана іздеген кітабыңыздың атын немесе авторын жазсаңыз болды. Сізге fb2, epub, mobi форматтарында кітабыңызды тауып береді. Қалаған кітабыңызды жүктеп алып, оқыңыз.

Сілтеме: https://telegram.me/flibustafreebookbot


KazPostBot — Қазпоштаның көмегіне жиі жүгінетіндерге таптырмас құрал. Бұл бот арқылы Қазпоштаның қызметін қолдана отырып:

  • төлемдер жасайсыз;
  • “Оңай” карточкаңызға ақша аударасыз;
  • телефоныңызға бірлік саласыз;
  • валюта бағамын қарайсыз
  • Сонымен қатар трекинг коды арқылы тапсырыс берген тауарыңыздың қай жерде келе жатқанын байқауға болады.

Сілтеме: https://telegram.me/KazPostBot