Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыда кейбір көшелер жабылады

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайырығының құрылысы» нысаны бойынша телекоммуникация желілерінің қайта құру жұмыстары жүргізілуіне байланысты, 2018 жылдың 04 сәуірі мен 08 сәуір аралығында Рысқұлов даңғылынан Петров көшесіне оңтүстік бағытына қарай автокөліктердің кіруі уақытша жабылады. Уақытша айналма жолы сұлбаға сәйкес жүзеге асырылады», — деп жазылған хабарламада.

Дереккөзbaq.kz