Lenovo Microsoft-пен бірігіп Қазақстанда Lenovo Explorer VR құрылғысының тұсаукесерін өткізді

Алғаш IFA 2017 VR-де көрсетілген Lenovo құрылғысы әсерлі ойындар әлеміне еніп, видеоны 360° форматында көруге мүмкіндік береді.

«Аралас шындық дегеніміз —  әлемнің таныс шекараларын кеңейтіп, онымен өзара әрекет жасауға мүмкіндік беретін болашақ. Microsoft Windows Mixed Reality платформасында жұмыс істейтін Lenovo құрылғысы достарыңызбен немесе отбасыңызбен ұмытылмас, керемет уақыт өткізуге септігін тигізеді. Небәрі 10 минуттың ішінде платформаның жылдам әрі оңай реттеуге арналған жүйесі арқылы қызықты оқиғаларға тап боласыз. Басты артықшылығы — сіз арнайы бір үстелге, креслоға немесе бөлмеге тәуелді болмайсыз. Себебі құрылғы арнайы тетіксіз де жұмыс істей береді», — деп ескертеді Microsoft .

Бүгінде Windows Mixed Reality платформасына 100-ден аса контент атаулары тіркелген. Олар: ойындар, кинофильмдер, виртуалды турлар, т.б. Сонымен қатар, бұл тізім үнемі толықтырылып, қолданушыны баурап алады.