3 сәуірге арналған ауа райының болжамы

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында тұман түседі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде — тұман, жел күші 15-23 м/с болады.

Атырау облысында, Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының бірқатар аудандарында шаңды дауыл тұрады, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде — тұман, күндіз жел тұрады, жылдамдығы- 15-22 м/с.