«Әкеге қоңырау шалу» фильмі ресейлік «Ника» сыйлығына ұсынылды

Қазақстандық фильм «ТМД және Балтық елдерінің үздік фильмі» аталымына үміткерлер тізіміне енді.

null

Бұл аталымға бұдан басқа тағы төрт шетелдік кино: қырғыз режиссері Ақтан Арым Кубаттың «Кентавр» картинасы, грузин режиссері Эльдар Шенгелаяның «Креслосы», Молдова режиссері Игорь Кристолдың «Мамырдың соңғы күні» және режиссер Виталий Манский түсірген Латвия, Эстония, Украинаның ортақ кинотуындысы — «Туыстар» атты фильмдері үміткер болып отыр.

Биыл үздік фильм атағына: Борис Хлебниковтың «Аритмия», Андрей Звягинцевтің «Нелюбовь». Павел Чухрайдың «Холодное танго» Александр Ханттың «Как Витька Чеснок вез Леху Штыря в дом инвалидов», Клим Шипенконың «Салют-7» және Кантемир Балаговтың «Теснота» атты фильмдері ұсынылған.

Дереккөзkazinform.kz