«Аманат» пен «Құнанбай» фильмдері MENAR фестиваліне қатысады

MENAR ха­лық­­аралық кинофестивалі — Балқан түбегіндегі ең ірі мәдени оқи­ғалардың бірі. Фестиваль жыл сайын көрермен қауымды мұсылман әлемінің дәстүрі мен мәдениетін паш ете­тін фильмдермен таныс­тыра­ды. Фестивальдың бағдар­лама­сы аясында Қиыр Шығыста, Ор­талық Азия елдері және Сол­түс­тік Африкада түсіріл­­ген үздік көркем, деректі және қыс­­қаметражды фильмдер де көрермен назарына ұсыныл­мақ. Қазақстандық картиналар 14 қаңтар күні «Еуросинема» кинотеатрында ағылшын тілін­дегі субтитрлармен көрсе­тілетін болады.

Сатыбалды Нарымбетов түсірген «Аманат» фильмі Кенесары ханның азаттық қозға­лысы туралы тарихи монография жазып, сол үшін қудаланған көрнекті ғалым Ермұхан Бекмахановтың тағдыры туралы. Ол 2015 жылы түсірілген. Фильм 2016 жылы «Оскар» жүлдесінің «Ең үздік шет тіліндегі фильм» таңда­лы­мы­на ұсынылған болатын.

Ал Досхан Жолжақ­сынов­тың «Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартқалы бірқатар аламан бәйгелерде бақ сынап үлгерді.  Былтыр алғашқы ұлттық «Тұлпар» кинобәйгесінде фильм авторлары үздік деп танылды. 2016 жылдың қыркүйегінде XII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалі­нің конкурстық бағдарламасын­да көрсетіліп, Уфада өткен III халықаралық «Күміс Ақбозат»  ұлттық және этникалық кино­фестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы «Ұлттық рух» жүл­десін иеленген.

Дереккөзegemen.kz