Батыс Қазақстан облысында жаңадан депутаттар сайланады

БҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың айтуынша, №10 Борсы сайлау округі бойынша Жәнібек, №11 Макаров сайлау округі бойынша Зеленов, №13 Қарасу сайлау округі бойынша Қазталов, №6 Қызылкөл сайлау округі бойынша Шыңғырлау аудандық мәслихатына сайлау өтеді.

Аталған округтер бойынша 12 кандидат (бір орынға — үш үміткерден) додаға түспекші. Олардың 8-і өзін-өзі ұсынса, төртеуін «Нұр Отан» партиясы бәйгеге қосып отыр. Үміткерлердің 10-ы — ер, екеуі — әйел адамдар. Барлығы да — қазақтар.

Қазіргі кезде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, сайлаушылар тізімі нақтылануда. Сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ.

Дереккөзkazinform.kz