Қазақстанның Сенат депутаттығына 52 кандидат тіркелді

Бұл кандидаттар Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан тіркеуден өткен. Тіркелген кандидаттардың ішінде 47 ер адам және 5 әйел адам бар.

Биылғы кандидаттар 2014 жылмен салыстырғанда үш жасқа «жасарған», яғни биыл олардың орташа жасы 51,5 жас болса, бұл көрсеткіш 2014 жылы — 54,1 жас болған.

Кандидаттарды кәсібі бойынша іріктейтін болсақ, олардың төртеуі ҚР Пасламент Сенатының қазіргі депутаттары, үшеуі мәслихат депутаты, 11 адам мемлекеттік қызметкер, 15 адам мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің қызметкері болса, 16 адам коммерциялық құрылымдардан келген, ал тағы үшеуі басқа да салада еңбек етушілер.

Кандидаттардың ішінде ең көп кездесетіні инженер, экономист және мұғалім. Ал бір ғана саясаттанушы Парламент Сенатына кандидат ретінде тіркелген.

«2017 жылғы 8 маусымнан Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың барлығы 2017 жылғы 27 маусым күнгі 00.00-сағатқа дейін созылатын сайлау алдындағы үгітке кірісу мүмкіндігіне ие», — делінген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Дереккөз7kun.kz