Ауа райының қолайсыздығынан Атырау-Орал тас жолы жабылды

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, аталған күре жол сағат 00.30-дан бастап жабылған. Қашан ашылатыны белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін ТЖ департаменті БҚО-да ауа райының өзгеретіні жөнінде ескерту жариялаған болатын. Яғни 5-6 наурыз күндері өңірде күндіз ауа температурасы +7 градусқа дейін жылынып, жауын-шашын да молынан түседі. Қар күрт еріп, су көбейеді.

Дереккөзkazinform.kz