30 қараша: жауын-шашын болады

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысында тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Жарма ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында да тұман түседі деп болжанады, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.