Жауын толассыз жауған 27-ақпанда тұрғындардан ТЖД кезекші пультіне 56 қоңырау түскен.
«Атап айтқанда, 37 ауланы су алып, 19 көше суда қалған. Оның ішінде 2 жер үйге су кірген. Судың жайылуына қатысты 43 оқиғаға арықтар қоқысқа толып кетуіне қатысты болса, 13 деректе су ағып кететін арықтар мүлде болмаған. Алатау ауданы бойынша – 18, Медеу ауданында – 15, Наурызбай ауданында – 14, Бостандық ауданында – 5, Алмалы ауданында – 2, Түрксіб ауданында 2 ауланы су басқан», – деді Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, қазір қалалық ТЖД мамандары 36 учаске бойынша тазалау жұмыстарын аяқтады. Бірқатар нысан бойынша су сору жұмыстары 28-ақпанда жалғасып жатыр.
Жайылып кеткен судың салдарын жоюға 254 адам, 45 техника, 9 мотосорғы жұмылдырған.