Кей жерде қар жауып, бірқатар аймақта тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Елдің солтүстігінде боран соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жеріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, боран соғуы ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде тұман түсуі ықтимал.