Головкин мен Альварес реванш алдында алғаш көз арбасты

Іс-шара басталмас бұрын боксшылар бетпе-бет кездесті. Бұл олардың 16 қыркүйектен кейін алғаш рет көз түйістіруі. Бұдан бұрын екі спортшы да екінші жекпе-жекті төрешілердің қатысуынсыз мерзімінен бұрын аяқтауға уәде берді.

Сондай-ақ, WBA/WBC/IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен қарымта айқастың алдында жүздеген былғары қолғапқа өзінің қолтаңбасын қойды. Геннадий жанкүйерлерге арналған осындай акцияны 16 қыркүйекте мексикалықпен алғашқы кездесудің алдында да өткізген еді.

Айта кетейік, Головкин мен Канело реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Дереккөзsports.kz