Дональд Трамп Ислам мемлекетін жоюғы уәде берді

Иордания патшасы Абдолла екіншімен бірге өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Дональд Трамп: «Біз «Ислам мемлекетін» жоямыз, біз өркениетті қорғаймыз. Бізде басқа таңдау жоқ», — деп мәлімдеді.

Ақ үй басшысы Хан-Шейхун қаласының Идлиб елді-мекеніндегі химиялық шабуылдар жөніндегі ақпараттан кейін, Сирия президенті Башар Асадқа деген көзқарасын өзгерткенін атап өткен. Оның сөздерінше, үкімет армиясының химиялық қаруды пайдалануы «шектен шыққандығы».

4 сәуірде сириялық оппозиция Хан-Шейхунда ондаған адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Жергілікті дәрігерлер жүйке-сал газын қолданған деген күмән келтіреді. Көтерілісшілер бұған Сирия армиясын кінәлайды. Құрама Штаттар мен Еуроодақ елдері Сирия президенті Башар Асадты химиялық шабуыл жасады деп айыптады. БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли егер БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі шара қолданбаса, Сирия үкіметіне санкция салынатынын ескертті.

Ресей 4 сәуірде сириялық ұшақ уланғыш зат сақталған қоймаға шабуыл жасағанын мәлімдеген. Мәскеудің болжамы бойынша, улы заттарды Ирактағы және Сириядағы террористер сақтаған.

ДереккөзCentralasian.org