«Халықаралық саясаттың көкейкесті мәселелері бойынша барынша қызығушылық тудыратын, сонымен қатар 2018 жылғы маусымда 10 жыл толатын Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестігінің болашағы мен жай-күйі туралы пікір алмасылды. Тараптар орталықсыздандырылған ынтымақтастық пен парламенттік дипломатия желісі бойынша өзара әрекеттестікті тілге тиек ете келе, кең мүмкіндіктер, көзқарастар конвергенциясы мен амалдар жөнінде атап өтті», — делінген ведомство хабарламасында.
Француз депутаттары ұлттық стратегия мен даму бағдарламалары шеңберіндегі Қазақстан қоғамында болып жатқан динамикалық даму мен батыл реформаларды қуаттады. Соның ішінде Ұлттық Ассамблея мүшелері адам құқықтары мен демократия қағидаттарын нығайтудағы жетістіктерді атап өтті.
Өз кезегінде К. Бюро-Боннар мен А. Шапёлье Қазақстанның бітімгершілік күшіне және елдің ядролық қаруды сынауға тыйым салу мен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ісіндегі елдің әлемде көшбасшы болып отырғанына жоғары баға берді. Сонымен қатар, олар бұрынғы Семей полигоны мен Арал теңізі бассейніндегі техногендік зілзала аймағындағы экологияны қайта қалпына келтірудегі белсенді жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Парламентарийлер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы бағдарларына ерекше қызығушылық танытты. Ондағы мақсаттар жөнінде Елші Францияның әртүрлі аймағында орналасқан ірі, орта және кіші кәсіпорындармен ынтымақтастықты орнату көзқарасы тұрғысынан түсіндіріп берді.
П. Кабаре қазақстандық әріптесі Омархан Өксікбаевтың шақыруы бойынша ағымдағы жылдың екінші жартысында достық топтың басшысы ретінде біздің елге бару ниетін растады. Оның ойынша Қазақстан француздар үшін тек сенімді экономикалық және саяси серіктестік ретінде ғана тартымды емес, сондай-ақ туристік бағыт бойынша әлі ашыла қоймаған Ұлы Жібек Жолы өтетін әр алуан мәдениетке бай ел ретінде қызықтырады.
Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаттары 2017 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын көпшілік дауыспен қолдағанын еске саламыз. Ағымдағы жылдың 15 ақпанында аталған тарихи құжатқа Франция Сенаты мүшелері де бірауыздан дауыс берген болатын. Алдағы уақытта заң елдің Президентімен бекітіледі деп күтілуде.