Басты бет / Жаңалықтар /
Елдос Сметов, Дзюдо, Токио
Фото: Жеңіс Ысқабай

Бокс, дзюдо, таеквондо: 2027 жылғы әлем чемпионаттары Астанада өтеді

2027 жылы Астана олимпиадалық спорт түрлері бойынша бірден алты әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, елордада шорт-трек, бокс, үстел теннисі, дзюдо, таеквондо және киберспорттан әлем чемпионаттары ұйымдастырылады.

Жарыстардың күнтізбесі төмендегідей:

  • шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты – 28–31 қаңтар;
  • бокстан әлем чемпионаты – 10–26 сәуір;
  • үстел теннисінен әлем чемпионаты – 22–30 мамыр;
  • дзюдодан әлем чемпионаты – 1–14 маусым;
  • таеквондодан әлем чемпионаты – 7–13 шілде.

Ал киберспорттан әлем чемпионатының нақты өтетін күні кейінірек жарияланады.

Ведомствоның мәліметінше, биыл Қазақстан күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды. Осылайша тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет ел екі жылдың ішінде жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.

Министрлік мұны Қазақстанның спорт инфрақұрылымы мен ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастырудағы әлеуетінің жоғары екенін көрсететін маңызды жетістік деп бағалады.

Әлем чемпионаттарына дүниежүзінің үздік спортшылары қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар халықаралық жарыстар оқиғалық туризмнің дамуына, қонақүй бизнесі мен қызмет көрсету саласының жандануына, инфрақұрылымның жақсаруына және Қазақстанның халықаралық беделінің артуына оң әсер етеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram