ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйақысының лауреаттары анықталды

Солардың ішінен 21 үміткер ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйақысының лауреаты атанды. Жеңімпаздар 12 аталым бойынша таңдалды.

«Бұл сыйақы театр номинациясы бойынша беріліп отыр. «Достар серті» мюзиклі үшін. Ол мюзикл – біздің Астанамыздағы тұңғыш мюзикл театрының тұңғыш спектаклі. Оны Артур жазды. 2016 жылы бұл сахналанды», Есләм Нұртазин, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясы кафедрасының аға оқытушысы.

«Ең басты талап өнерге, қазақ мәдениетіне, Қазақстан мәдениетіне қандай үлесін қосты? Қандай жетістіктерімен келді? Біз соған қараймыз. Әрқайсысының өзінің бір өнерге деген жақсы істері, жақсы жұмыстары бар. Сондықтан бұл дұрыс қабылданған шешім», — Біржан Хасанғалиев, қазылар алқасының мүшесі.

Еске салайық, қор алғаш рет 2008 жылы ғылым, мәдениет және өнер саласында өз сыйақысын тағайындаған. Бас-аяғы 10 жылдың ішінде барлығы 200-ден астам дарын иесі марапатқа ие болды. Олардың ішінде қазақ елін әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген мен Сүндет Байғожин секілді ел мақтаныштары бар.

Дереккөз24.kz