Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандық әскери қызметшілер Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындырды

Фото: gov.kz
Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Америкадағы ең биік шың – Деналиге көтерілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

6190 метр биіктікте қазақстандық әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Арнайы операциялар күштерінің туын тікті.

Экспедицияның сәтті аяқталуы әскери қызметшілердің жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығын, төзімділігі мен рух күшін көрсетті.

Қорғаныс ведомствосының мәліметінше, Денали шыңын бағындыру әскери мамандардың дене және психологиялық дайындығының жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың Отансүйгіштік, батылдық және табандылық қасиеттерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, Денали шыңы АҚШ-тың Аляска штатында орналасқан және Солтүстік Американың ең биік нүктесі саналады. Ол ұлттық парк пен қорық аумағына кіреді.

«Денали» атауы атабаска үндістерінің тілінен аударғанда «Ұлы» деген мағынаны білдіреді.

Мақалаға реакция