Димаш Құдайберген “Музыкадағы жаңа күш” номинациясын жеңіп алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген осы жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Димаш Қытайдың ең танымал “Weilbo Awards” марапатында “Музыкадағы жаңа күш” номинациясын жеңіп алды. Бұл жөнінде әнші өзінің инстаграм желісіндегі парақшасына жазды.

“Осы сыйлықты алуыма себеп болған өздеріңіз. Қажырлы еңбектеріңізбен маған дауыс бердіңіздер. Үміт ақталды.  Бақытты болайық, баянды ғұмыр кешейік! Сіздердің рұқсаттарыңызбен өзімнің, барша тыңдармандардың атынан сыйлықты ұстазым Марат Әйтімовке арнаймын”,- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген әлемдік турне аясында Фуджоуда өткен концертінен кейін бір аптаға туған елге оралған еді. Енді ол Қытайдағы турнесін қайта жалғастырады.

ДереккөзMassaget.kz