Қызық дерек: Доллар жайында не білеміз? 

Долларды білдіретін S белгісіне байланысты бірнеше деректер бар. Біріншісі, S – Spain. Жаңа географиялық ашылулар барысында Испанияға жіберіп отырған алтындарға S таңбасын қалдырып отырған.

Екінші дерек бойынша, S – толқын мағынасын білдірсе, II белгісі Геркулес ағашы, «тағы да ары» дегенді аңғартады.

Доллар

  1. Доллар тек қана АҚШ-тың ғана емес, өзге де елдердің валютасында түрленіп қолданылады. Мысалы, Тринидад және Тобагода – ТТ$, Барбадоста – Bds$, Австралияда – А$ немесе Au$. 
  2. АҚШ-та ең ірі долларлық қағаз ақша ретінде 100 мыңдық долларды айтуға болады. Ол 1945 жылға дейін шығарылып келді. Ресми түрде 1969 жылы Ричард Никсон шектеу қойып, ең ірі ретінде 100 доллардан асырмауды тапсырған болатын. 
  3. АҚШ-та қағаз ақша алғаш рет Массачусетс билігімен 1690 жылы шығарылды. Сол кезеңдерден бері шығарылып келе жатқан қағаз ақшалар бүгінгі күні де төлем ретінде қолданылады. Сондықтан 100 мыңдық долларды көрсеңіз, еш уайымдамай ала беріңіз. 

    1886 жылы Марта Вашингтон атты әйел азаматшасының кескіні долларда көрініс тапты.

  4. Америкалық доллар – соғыс валютасы болып табылады. Әу, баста-ақ азаматтық соғыс кезінде кеткен шығындардың орнын доллар арқылы жауып отырған. Байқасаңыз, әлі күнге әлемдегі қақтығыстар доллардың көмегімен іске асырылып отыр. 
  5. Қолданыста жүретін доллардың 50 пайызға жуығы 1 долларлық номинал. 
  6. Бүгінде долларда тек қана ер адамдардың келбеті бейнеленген. Тек бір рет қана 1886 жылы Марта Вашингтон атты әйел азаматшасының кескіні долларда көрініс тапты. 
  7. 2 долларлық номинал тек 2003 жылы бір рет қана шығарылған. 
  8. АҚШ-та нәсілдердің теңдігіне қарамастан, әлі күнге дейін афроамерикалық азаматтың суреті долларда көрсетілмеген.