6 ақпан күні тек елдің оңтүстігі мен солтүстік-батысында ғана қар жаумайды.
Алматы облысының бірқатар аймағында тұман түсіп, Жалаңашкөлде желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-23 метрге дейін ұйытқиды.
Батыс Қазақстан облысында боран, көктайғақ болып, түнде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында тұман түседі деген болжам бар.