3 ақпан күні коньки тебуді үйрететін тегін сабақтар өтеді

Тәжірибелі нұсқаушылар сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін «Дубок» ықшам ауданында орналасқан тегін мұз айдыны мен Абай және Гагарин көшесіндегі ауладағы мұз аланында коньки тебуді үйретеді. Мұз айдынның қонақтары көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып ала алады.

Сонымен қатар, аталмыш шара жексенбі, ақпанның 4-і күні де жалғаспақ. «Спорттық Алматы» нұсқаушылары Жібек жолы – Абылай хан көшесінде және ҚР Тұңғыш Президенті саябағында орналасқан тегін мұз айдындарының келушілерін тегін үйретеді.

Айта кетер жайт, спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.