Басты бет / Жаңалықтар /
Euronews
Фото: Euronews

Euronews телеарнасы қазақ тілінде хабар таратады

Халықаралық Euronews телеарнасы Орталық Азияда алғаш рет қазақ тілінде жаңалықтар мен сұхбаттар шығаруды бастайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовтың айтуынша, қазір Euronews Қазақстан аумағында орыс тілінде хабар таратады. Ал алдағы уақытта телеарнаның интернет-платформасында қазақ тіліндегі жаңалықтар шығарылымдары мен сұхбаттар болады.

Бұл бастама мемлекеттік тілдегі халықаралық ақпараттық контенттің үлесін арттыруға мүмкіндік береді, — деді бірінші вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Euronews Қазақстанда қазақ тілінде бірнеше ірі жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Жобалардың нақты форматы мен іске қосылу мерзімі кейінірек жарияланады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok