28 қаңтарда коньки тебуді үйрететін тегін сабақтар өтеді

Тәжірибелі нұсқаушылар сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін Жібек жолы – Абылай хан көшесінде және ҚР Тұңғыш Президенті саябағында орналасқан тегін мұз айдындарының келушілерін тегін үйретеді.

Сонымен қатар, мұз айдынның қонақтары көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетер жайт, спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.