Facebook желісінде криптовалюта жарнамасы енді көрсетілмейді

«Біз пайдаланушыларды жаңылыстыратын қаржылық өнімдер мен сервистердің, бинарлық опциондар мен криптовалюта секілді алдамшы технологиялардың жарнамасына тыйым салатын жаңа қызмет саясатын енгізіп жатырмыз», — делінген хабарламада.

Сервис, сондай-ақ пайдаланушыларды жаңа ережелерді бұзатын жарияланымдар туралы хабар беріп отыруға шақырады.

Бұған дейін Facebook пайдаланушыларға туыстары мен достарынан көбірек жаңалық алып отыруға, компаниялардың, брендтердің және БАҚ-тардың постары сияқты жарнамалық контентті азайтуға қатысты өзгерістер енгізгенін жариялаған болатын.

Дереккөзkazinform.kz