Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жанәбіловтерден тәркіленген 8 көлік сатылымға шықты

Видео скрині

Не болды?

Жанәбіловтерден тәркіленген көліктер сатылымға шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қаржы министрлігінің Астанадағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Hyundai Elantra деген маркадағы 2025 жылғы сегіз көлікті сатылымға шығарды. Бұл көліктер сот шешімі бойынша, блогер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновадан тәркіленіп, мемлекеттік мүлік тізіміне енген еді.

Электрон сауда порталындағы мәліметке қарағанда, көліктер Zhana Business деген кәсіпорынға тіркелген. Басшысы — Жанәбіловтің әйелі Эльмира Төлегенова. E-Qazyna сайтында көліктердің бастапқы бағасы көрсетілмеген, ал қазіргі құны — 8 395 000 теңге.

Мүліктің сипаттамасы бойынша, көліктер қарапайым мемлекеттік заңды тұлғаларға берілмейді. Көлікті алуға құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар, президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілер мен депутаттардың қызметін қамтитын органдар ғана өтінім бере алады.

Контекст

Естеріңізге салайық, сәуірде Астананың сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша үкім шыққан еді.

Мақалаға реакция