Ұлттық банк криптовалютаға неге тыйым салмақ?

«Біріншіден, біздің елімізде біріңғай эмиссиялық орган жоқ және криптовалюта ешқандай жолмен сақтандырылмаған. Екіншіден, мұндай сандық валюталар жаһандық деңгейде реттеуді және сақтауды қажет етеді. Біз басқа елдердің экономикасын зерттеп көрдік. Тиісті шешімді мемлекеттік органдармен келісуіміз керек», -деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, екінші деңгейлі банктерге криптовалютамен төлем жасауға тыйым салынған.

«Криптовалютаның эмитенті жоқ. Демек, ешкім оған жауапкершілік алмайды және оның заңды түрде «ақша» немесе «төлем құралы» деген атауы жоқ. Қазақстанның жалғыз валютасы теңге. Криптовалютаға қатысты тікелей заңнама болмағанымен, криптовалюта айналымының өзі заңнамаға қайшы келеді»,- деп хабарлайды Ұлттық банк.