Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстан Ресейден келген 6 тонна қиярды кері қайтарды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Қазақстан Ресейден келген 6 тонна қиярды кері қайтарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті (МИК) шекарадағы өнімдерді фитосанитариялық бақылау кезінде Ресейден келген 6 тонна қиярды кері қайтарды. Заңнамаға сәйкес өнімнің сапасы карантиндік, фитосанитария талапқа сәйкес болмаса, өнім шекарадан өтпейді және ел ішінде сатылымға шықпауға тиіс.

Министрлік мамандар мен азаматтарға фитосанитария талабын сақтап, карантиндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек екенін ескертті.

Контекст

Естеріңізге салайық, мамырда Ресейден әкелген астықтық 128 тоннасы кері қайтарылған еді. 

Мақалаға реакция