Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Талдықорғанда ерлі-зайыпты есірткі таратты деген күдікке ілікті

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Талдықорғанда ерлі-зайыпты есірткі таратты деген күдікке ілікті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Рolisia.kz мәліметіне қарағанда, полиция Талдықорғанда синтетика есірткі таратты деген күдікке іліккен ерлі-зайыптыны ұстады. Бірі — 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны, енді бірі — 43 жастағы Алматы облысының тұрғыны. Тергеу дерегінше, күдіктілер мессенджерлердің бірі арқылы басқарушыдан нұсқау, тапсырма алып, тыйым салынған заттарды белгісіз орынға апарған.

Тінту барысында күдіктілерден ұнтақ салынған орамалар, есірткіні өлшеуге, орауға және таратуға арналған заттар, ал  Талдықорған қаласындағы уақытша тұрып жатқан үйінен есірткі мен түрлі құрал-жабдықтар табылған. Тәркіленген мефедрон тәрізді заттың салмағы — 260 грамм, — делінген хабарламада.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астана полициясы 54 жастағы әйелдің үйінде есірткі өсіргенін анықтаған еді.

Мақалаға реакция