Не болды?
Енді БАӘ-де 15 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желіге кіре алмайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, БАӘ 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салды. БАӘ — бұл талапты енгізген алғашқы араб елі. Жаңа қаулыға сәйкес, 15 жасқа толмаған балаларға жеке әлеуметтік желіде жеке парақша ашуға, пайдалануға немесе блог жүргізуге болмайды. Ал 15–16 жастағы жасөспірімдерге әлеуметтік желіні қолдануға рұқсат беріледі. Дегенмен ата-аналар балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін жеке парақшасын бақылауға тиіс.
Үкімет әлеуметтік желі компанияларына жаңа талаптарға бейімделу үшін 12 ай уақыт берді. Ел аумағында жұмыс істейтін барлық әлеуметтік желіде пайдаланушылардың жасын нақты тексеретін жүйе, цифрлық сәйкестендіру мен жасанды интеллект іске қосылады. Демек пайдаланушының жасын өзі көрсетуі жеткіліксіз. Жүйе арқылы 15 жасқа дейінгі балалар ашқан парақшалар бұғатталып, жасын жасыру әрекеттері әшкереленеді. Сонымен қатар балалардың жеке дерегін мақсатты жарнамада пайдалануға болмайды.
БАӘ билігі бұл бастама балалардың желідегі қауіпсіздігін сақтауға бағытталғанын хабарлады. Қазір Австралия мен Еуропаның бірқатар елдері де балалардың әлеуметтік желі қолдануына қатысты талаптарды күшейтіп жатыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынуы мүмкін.
