Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Виетнамға кіру талабы өзгерді. Саяхатқа баратын азаматтар нені ескеруі керек?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Шетел азаматтары мен саяхатшылардың Виетнамға кіру талабы өзгерді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Виетнам Социалистік Республикасына баратын азматтар «Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесі» (Pre-arrival Information – PAI) арқылы елге кіру керек. Жүйеде қажет ақпаратты алдын ала онлайн оқып, білуге болады. Бұл бастама шекарадағы бақылау уақытын қысқартып, әуежайдағы жұмысты реттеуге бағытталған.

Қазір жүйе Таншоннят халықаралық әуежайында пилот режимде жұмыс істеп тұр. Енді Виетнамдағы жауапты орган PAI жүйесін Нойбай, Данаң, Камрань, Фукуок әуежайлары мен мемлекеттік шекараға енгізуді жоспарлап отыр.

Саяхаттауды жоспарлап отырған азаматтар PAI жүйесі Виетнамға кіру үшін виза рәсімдеу қызметін атқармайтынын ескеруі керек. Ресми портал – Рrearrival.immigration.gov.vn. 

Контекст

Естеріңізге салайық, биылғы наурызда Виетнамда 26 жастағы қазақ қызы жоғалып кеткен еді. 

Мақалаға реакция