31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 24-29 м/с-ке жетеді, түнде өңірдің кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел жылдамдығы 15-20, кейде 23 м/с-ке күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда, Маңғыстауда, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы мен Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

Дереккөзkazhydromet.kz