Астанада алдағы үш күнде 33 градусқа дейін аяз болады

Қазгидрометорталығының хабарлауынша, 21 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығып, оқтын-оқтын қар жауады. Түнде және таңертең бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с жетеді, түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді. Ал сынап бағанасы түнде -13…-15°С дейін төмендейді.

22 желтоқсанда да осындай ауа райы сақталады, күн бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -22…-24°С, күндіз -12…-14°С.

23 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -31…-33°С, күндіз -21…-23°С.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің күшеюіне және жолдың нашар көрінуіне байланысты халықаралық тасжолдар мен республикалық маңыздағы магистральдарда енгізілген шектеу сақталуда.