Жалғыз тамақтанудың қандай зияны бар?

Мамандардың зерттеуі Obesity Research & Clinical Practice журналының сайтында жарияланған, деп хабарлайды Риа Наука.

Оңтүстіккореялық ғалымдар 7752 адамға сауалнама жүргізіп, олардың қаншалықты жиі жалғыз тамақтанатынын есептеген. Статистика нәтижесі жалғыз тамақ ішетіндерде метаболизм синдромы жиі байқалғанын көрсеткен.

Жалғыз тамақтану

Күніне кем дегенде екі рет жалғыз тамақтанатын ер адамдарда синдромның пайда болу қатері бірнеше адаммен тамақтанатындарға қарағанда 64%-ға жоғары. Ал әйелдерде бұл көрсеткіш 29%-ды құрады. Бұған қоса, ер адамдарда семіздік қатері 45%-ға ұлғайған.