Не болды?
Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Жарыс барысында спортшылар алдымен Таиланд, кейін Жапония құрамасын жеңді. Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Оңтүстік Корея командасына 29:45 есебімен есе жіберді.
Нәтижесінде Ирина Бакалдина, Дарья Самоделкина, Владислава Андреева және София Николайчук құрлық додасында үшінші орынға ие болды.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жалпы бес жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Ирина Бакалдина жеке сайыста алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов қола жүлде иеленді.
Сонымен қатар ерлер арасындағы топтық бәсекеде еліміздің спортшылары чемпион атанып, алтын медаль иеленді. Ал қылыш сайысында ерлер құрамасы қола жүлдені қанжығасына байлады.
Контекст
Естеріңізге салайық, өткен демалыста отандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды.
