Майкрософт
©techpurge.com

2017 жылы желтоқсан айының басында Steam компаниясы да аталған криптовалютадан бас тартқан болатын. Олар мұны транзакция кезінде ұстайтын комиссияның көптігі және аталған криптовалютаның тұрақсыздығымен байланыстырды. Ол кезде транзакция комиссиялары бірнеше центтен ондаған долларға дейін көбейген еді. Нәтижесінде биткоин микротранзакцияларға жарамай қалды.

Microsoft және Steam сынды компаниялар үшін биткоин дәл қазір, расымен де, тұрақсыз. Себебі, биткоиндар арзандаған сайын аталған компаниялар үлкен шығынға ұшырайды.

Microsoft тұтынушыларына өнімдерді биткоинға сатып алуға рұқсат бермейді. Кейінгілері, алдымен, белгіленген соманы доллар есебінде шотқа салып, артынша биткоин эквиваленті бойынша төлем жүргізеді. Осы конвертация үшін де комиссия алынады. Нәтижесінде биткоин бағасы арзандағанда, компания шығынға ұшырайды. Кез келген қаржы бөлімі мұндай ситуациядан сақтануға тырысады.

Енді Microsoft клиенттеріне карта, PayPal немесе банк шотынан тікелей аударма жасау сынды жолдарды ұсынып жатыр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!