Басты бет / Жаңалықтар /
ұшақ, эйр астана, Air Astana
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Cathay (Хоңкоң) әуе компаниясы Қазақстанға жүк және жолаушы рейстерін ашады

2026 жылғы 1 тамыздан бастап Cathay (Хоңкоң) әуе компаниясы елімізге жүк рейсін, ал 2027 жылғы қаңтардан бастап жолаушы рейсін ашады. Көлік министрлігі халықаралық әуе қатынасын кеңейтіп, шетелдік әуе тасымалдаушыларын тарту үшін арнайы  кездесу өткізді. Кездесуге Cathay әуе компаниясының Таяу Шығыс өңіріндегі менеджері Оливер Коэльо қатысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оливер Коэльо 2026 жылғы 1 тамыздан бастап «Боинг-747» ұшағымен Астанаға аптасына бес рет қатынайтын жүй рейсін ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен қатар 2027 жылғы қаңтар айынан бастап «Эйрбас-330» ұшағы аптасына үш рет Хоңкоң – Алматы бағытында жолаушы рейсі ашылады.

Кездесу қорытындысы бойынша, екі тарап Қазақстан мен Хоңкоң арасындағы әуе қатынасын дамыту бойынша ынтымақтастықты сақтауға келісті. Жаңа рейстердің ашылуы сауда-экономикалық және туристік байланыстың одан әрі дамуына, логистика мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Анықтама

Cathay – Хоңкоңның ұлттық әуе компаниясы және Азиядағы ең ірі халықаралық әуе тасымалдаушыларының бірі. Компания еншілес кәсіпорындарын қоса алғанда 237 әуе кемесін пайдаланады және 100-ден астам бағытта жолаушы тасымалын жүзеге асырады. Cathay Cargo 41 бағыт бойынша тұрақты жүк тасымалдайды. Жыл сайын 1,67 миллион тоннадан астам жүкті тасымалдап, әлемдегі жетекші әуе жүк операторларының қатарына енді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram