Астанада көліктік карта қолданысқа енді

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір айлық қағаз билеттердің орнына ұзақ мерзімді қолданылатын «Айлық билет» көліктік карта қолданысқа енді. Тариф бағасы бұрынғыдай 7 500 теңге мөлшерінде қалады. Қала маңы тарифі — 9 500 теңге. Карта бағасы — 400 теңге. Егер сіз бұрын қоғамдық көлікте жүріп тұруға арналған көліктік картаны алған болсаңыз, ол карта айлық жүруге жарамды.

Көліктік картаны төменде көрсетілген мамандандырылған кассалардан сатып алуға және толықтыруға болады:

• Нәжимеденов көш, 10/2 ( «ASTRA Parking» офисі);

• «Евразия» СҮ Петрова көш, 24 (№ 051 бутик);

• т/ж вокзалы (ескі ғимарат, екінші қабат), Гете көш, 1

• «Астаналық цирк», Қабанбай батыр даң, 5.

• «Женic» СҮ, Жеңic даң, 47 (3 қабат)

• Қ. Мұнайтпасов көш, 14 «Біліктілікті арттыру орталығы» (басты касса).